MENUMENU
MENUMENU

Жемқорлық — саяси әлеуметтік қиын құбылыс

№5 «А»  мектеп-гимназиясында  12 ақпан күні сағат 12:30-да   «Адал Ұрпақ» жиыны өткізілді.  Жиынның тақырыбы:  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

4 «Е»  сынып оқушылары жемқорлық сөзінің түсінігімен, сыбайлас жемқорлық заңңамалары ,  жемқорлықтың оның алдын алу және ол жолға түспеу үшін қандай жолдың дұрыс екенің білді. Оқушылар  тақырыпқа сай  тапсырмалар орынданды. Әр қатарға бірнеше қанатты сөздер  жазылған парақтар берілді. Балалар керекті сөздерді тауып, орындарына қойды. Сондай-ақ әр қанатты сөздің мағынасына мән беріп оны өз түсінгендерімен айтып жеткізді. Жиын соныңда оқушыларға сұрақтар қойылды. Әр оқушы өз көзқарасын айтып , түсіндірді.

Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

Күні: 12.02.2019ж. Уақыты: 12:30

Сынып: 4 «Е»

Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой — пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырыптық слайд, тапсырмалар

Барысы:

Жоспар:

  1. «Сыбайлас жемқорлық» -деген не?
  2. Жемқорлықтың пайда болуымен күресу.
  3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамалары
  4. Қазақстандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» шаралары мен әдістері

«Сыбайлас жемқорлық» — деген түсінік мағынасы  «параға сатып алу», «пара» ретінде, «соrruptio» деген латын сөзін алынған, құқыққа қарсы іс – әрекетті білдіреді. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас – жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады.

Қоғамдағы лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалануды, билік етуді немесе лауазымдық өкілеттілікті арттыру, қызметтік жалғандық, сеніп тапсырылған мүліктерді ұрлау және иелену, біле тұра өтірік айғақ көрсетуді, куәларды, жәбірленушілерді немесе сарапшыларды сатып алу, сот шешімдерін, үкімдерін және басқаларды лауазымдық тұлғалардың орындамауы, сыбайласқан байланыстарды қолдау жиі кездесетінін көрсетіп отыр.

Қарапайым түсінік бойынша бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызметпен байланыстырады.

ҚР «Сыбайлас – жемқорлықпен күрес туралы» заңы сыбайлас – жемқорлыққа келесі  анықтама береді. Ол: «…мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай – ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай – ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу».

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықтың» пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері ұсынылды:

  • Заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту.
  • Лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу.
  • Нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту.

Қазақстанда сондай – ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер де қабылданды. Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады.

  • ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228 — бап),
  • Коммерциялық сатып алу (231 – бап),
  • Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану (307 — бап),
  • Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану (308 — бап),
  • Пара алу (311 -бап),
  • Қылмыстық жалғандық жасау (314 — бап)

Жыл сайын Департаментте сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын іске асыру мәселелері және «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңының, ар-намыс кодексінің нормалар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызмет және ҚР басқа да заңдарын білуді насихаттау жөнінде семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау және Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі талаптарын сақтау және Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы тұрақты бақылануда.

Дамыту: 

  1. Қанатты сөздерді тауып дұрыс орынға қой.
  2. Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?» әр оқушы өз ойын айтады

Қорытынды: Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар! 

https://pp.userapi.com/c847219/v847219211/19eb24/b7SuF3khXWY.jpg
https://pp.userapi.com/c844723/v844723211/19e013/Va4qxX5NaSE.jpg
https://pp.userapi.com/c847219/v847219211/19eb1b/QILwIPPG9mM.jpg

4 «Е»  сынып оқушылары жемқорлық сөзінің түсінігімен, сыбайлас жемқорлық заңңамалары ,  жемқорлықтың оның алдын алу және ол жолға түспеу үшін қандай жолдың дұрыс екенің білді. Оқушылар  тақырыпқа сай  тапсырмалар орынданды. Әр қатарға бірнеше қанатты сөздер  жазылған парақтар берілді. Балалар керекті сөздерді тауып, орындарына қойды. Сондай-ақ әр қанатты сөздің мағынасына мән беріп оны өз түсінгендерімен айтып жеткізді. Жиын соныңда оқушыларға сұрақтар қойылды. Әр оқушы өз көзқарасын айтып , түсіндірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.