MENUMENU
MENUMENU

Конкурс «Мисс ОСЕНЬ-2018»

24 қазан күні мектебімізде «Күз аруы-2018» сайысы өткізілді. Сайыс 3 кезеңнен құрылды. Қатысушылар 3-4 сынып оқушылары. Оқушылар сайыс алдында бірнеше дайындықтарға қатысты. Әр қатысушы өз өнерімен бұл сайыста бағын сынаған болатын. Сондай-ақ әр қатысушы бірнеше номинацияларға ие болды. Сонымен қатар «Үздік жанкүйерлер» мен «Күзгі ғажайып» номинациясы бойынша сыныптар мақтау қағаздарына ие болған еді. Бұл сайыста қатысушыларды қолдауға оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар келді.Жанкүйерлердің қолдауы өте басым болды. Әр өткен кезеңге әділ қазылар алқасы өздерінің бағаларын беріп, сайыс соныңда жеңімпаз анықталды . 3 – сынып оқушыларының арасындағы сайыста «Күз аруы-2018» атанған – 3 «Б» сынып оқушысы — Шадаева Амина. Ал 4 сынып оқушылары арасындағы сайыста жеңімпаз болған – 4 «В» сынып оқушысы — Избасарова Айгерим .