MENUMENU
MENUMENU

“Under a single Shanyrak”

Қостанай қаласының № 5 «А» мектеп-гимназиясында 2018 year 22 – ші қыркүйегінде Тілдер күніне орай “Бір шаңырақ астында” атты екі аусымды салтанатты жиын өтті.

Мерекені ұйымдастырушылар: қазақ тілі, ағылшын және орыс тілі мұғалімдері.

Мерекеге қатысушылар : 1-4 сынып оқушылары.

Мерекелік ертеңгілікті өткізген: қазақ тілі пәні мұғаліміХасенова Мадина Маратовна және орыс тілі мұғаліміДосмаилова Амина Бисенбаевна

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті, парызы болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Тіл жөнінде Ғабит Мүсірепов былай деп айтқан: «Тілін білмеген – түбін білмейді»деп,

Мерекеде мерекелік ертеңгілік өтті және үлкен қоңырауларда үш тілдегі музыкалық сергіту сәттері өткізілді.

Мерекелік ертеңгілікке үлкен, көңілді піл қуыршағы келіп, балалармен қызықты жұмбақтарымен бөлісті.

Оқушылар тілге байланысты үштілде ( қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) тақпақтарын айтты.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

«Мақалды жалғастыр» атты кезеңінде оқушылар өздерінің «тіл» жайында қандай мақал – мәтел білетіндерін айтып (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) өз ойларымен бөлісті. «Тіл тас жарады, Тас жармаса – ….", Ең тәтті детіл, ең ащы да – …., Тіл – алтын …. .

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – тарихымызды ұмыту»деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір – бірімізбен қазақша сөйлесейік!