MENUMENU
MENUMENU

Сынып мақтанышы

Балғабай Досбол дзюдо үйірмесіне 5 жасынан қатысады. Қазіргі уақытта 8 кубок, 28 медаль , мадақтамалар жеңімпаз иегері. Ол Республика көлеміндегі ұйымдастырылған сайыстарда да өзін сынап , жүлделі 1-ші орындар алды.

Жақында 14 қараша күні өткен «Қазақ күресінен» Қостанай қала деңгейінде ұйымдастырылған қала мектептерінің арасында 35 салмақ дәрежесінде 1 орынға иеленді. Мектептің белсенді оқушылар қатарында, сабақта алғыр, мінезі ашық, намысшыл, жауапты оқушы.

Досбол біздің мектебіміздің , сыныбымыздың мақтанышы.Тек алға, сәттілік тілейміз!

Гаппарова Аяжан

4 «К» сынып оқушысы

5 комментариев к записи Сынып мақтанышы

  1. Avatar Бағдат айтты:

    Балғабай Досбол былтырдан бері әр жетістігіңе куә болып келе жатырмын, «Елім» — дейтін ер сендей-ақ болсын, тек Қостанайдың ғана емес, күллі Қазақ елінің намысын қорғар батыр бол. Әрқашанда биіктерден көрінетініңе кәміл сенемін, себебі көзіңнен от шашып, әр сөзің жігерге толып, әр ісің нағыз жігітке тән. Мен саған сенемін!!!
    Музыка пәнінің ұстазы Бағдат Сырбайұлы.

  2. Avatar Жаканова М.С. айтты:

    Досбол, жарайсың! Қазақстанның болашақ спорт шебері болатыныңа сенемін!

  3. Avatar Ринна айтты:

    Досболдын әрқашан жолы болып, алдынан ақ күн тусын!

  4. Avatar Ayazhan айтты:

    Досбол жарадың! Бұл ғана емес біз сенен әлі талай үміт күтеміз.

  5. Avatar Қолқоюсыз айтты:

    Досбол жарайсын мен сени шын журекте н куттыктаймын

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.